03
May
2020
Педагог күнделігінен
##Педагог күнделігі## атты челленджді 56 орта мектебі ұжымдары да қолдайды. Әлемде болып жатқан төтенше жағдайда еліміздің жалпы білім беру ұйымдары оқытудың қашықтықтан білім алу жағдайына көшкені белгілі. Қашықтықтан оқытудың он бес күнін артқа тастай отырып күмән сейілді, қорқыныш жеңілдеп «Көз қорқақ,қол батыр» дегендей ұстаздар қауымы АКТ құзыреттіліктерін дамыту жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Сабақ тақырыптарына бейне жазбалар жасау, кері байланысты толық жүзеге асыру мақсатында барынша төзімді, тиімді жұмыстар жасауда. Schoolchildren «Балапан , Ел арна» теледидардан онлайн сабақтар тиімді, қол жетімді көрсетіле бастады. Daryn,Onlin,Bilimlend сандық білім беру ресурстары бойынша жасалған түрлі әдістемелік көмекші құралдар арқылы білім берілуде.Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады дегендей болашағымыз білімді болсын .«Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты , мәдениетті, интеллегенті тұлға _ қоғамды соңынан ертуге қауқарлы ,ісіне берік, әрі тиянақты педагог ұстаздарыма ,мектеп басшысына ,ұжымға, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары на ата _аналарға үлкен рахмет айтқым келеді .#БІЗ БІРГЕМІЗ# #БіЗ ҮЙДЕМІЗ#