Уақытша бос лауазым директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары » СШ №56
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім баскармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№56 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесi
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 55-02-52
Есепші бөлімі:
+7(7262) 55-02-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Уақытша бос лауазым директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
13
сентябрь
2023

Уақытша бос лауазым директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №56 ОРТА МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі   уақытша бос лауазымға 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ


Орналасқан жері: Тараз  қаласы, Құмшағал  шағын   ауданы, Ақсарай көшесі № 12   Пошталық  мекен –жайы: 080000 

Телефон  нөмері: 8 (7262)  55 -02- 52,   87073216983

Электрондық  пошта: 56taraz@mail.kzТараз  қаласы, Құмшағал  шағын   ауданы, Ақсарай көшесі, № 12     

Уақытша  бос   орын:  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (0,5 жүктеме)   


  1. Негізгі    функционалдық  міндеттері: 
  2. тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  3. тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
  4. аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; 
  5. тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді; 
  6. тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
  7. педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  8. тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
  9. білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
  10. психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
  11. мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
  12. білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
  13. тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
  14. киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
  15. білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
  16. кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
  17. есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
  18. ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;; 
  19. мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
  20. "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
  21. адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
  22. білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
  23. педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
  24. білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
  25. туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады; 
  26. білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
  27. білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.


Білуге тиіс:


Еңбекке  ақы  төлеу   мөлшері  44330  теңге,    уақытша  бос  лауазым    директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


            Біліктілік талаптары:


  •      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  • және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

 118- тармақта  көрсетілген  құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)сертификаттаудан  өту   нәтижелері   туралы  сертификат   немесе  педагогмодератордан  төмен   емес  қолданыстағы  біліктілік   санатының  болуы  туралы   куәлік (бар болса);

10)   11- қосымшаға  сәйкес  нысан   бойынша  педагогтің  уақытша   бос  лауазымына   кандидаттың   толтырылған  бағалау  парағы;

11) Тәжірибе   жоқ  кандидаттың  бейнепрезентациясы  кемінде 15 минут, ең  төменгі   ажыратымдылығы  - 720х480 

Кандидат   болған  жағдайда  қосымша   құжаттар  ұсына  алады (біліктілігін  арттыру, ғылыми – әдістемелік  жарияланымдар, алдыңғы  жұмыс   орынан  ұсыным) 


Бос  орынды   жариялау  мерзімі: 13.09.2023 жыл

Конкурсқа  құжаттар   қабылдау:  2023 жылдың  14-22.09 аралығы ( 7 жұмыс күні),       

                                                               құжаттарды  қарау 25-29.09  (5 күн)


Конкурс   өтетін    мерзімі:   29.09.2023 жыл  сағат 15.00  



















            

            




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив