«Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі»
2022 жылдың 15 желтоқсан күні №56 мектебінің кешенінде балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Е.Т. Манапов мен Тараз қаласы ПБ 2-ПБ ЖПҚЮ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Ғ.А.Жүрсін «Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында құқықтық факультативтік сағаты өтті.
📌Бүгінгі күні бала тәрбиесі мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстылық әрекеттер өзекті болып отыр. Осы орайда, Тараз қаласы әкімінің өкімімен қала аумағындағы мемлекеттік мекеме және орган басшыларын қатыстыра отырып, жалпы білім беретін мектептерге бөлініс жасалды.
📌Қазіргі таңда құқықтық кеңес беру, рухани тәрбиелік бағыттағы дәрістерін өткізу және шешімін таппай отырған ауқымды мәселелердің оңтайлы шешілуіне өз тараптарынан ықпал жасап келеді, аталған өкімге қамтылған лауазымды тұлғалар мектепке келіп, ай сайын профилактикалық жұмыстар жүргізуде.