18
август
2023
«Қамқорлық» акциясы
«Қамқорлық» акциясы аясында №56 орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен және «Өзін-өзі басқару» ұйым мүшелерінің ерікті түрде қатысуымен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына» қолдау көрсеткен болатын. Білім алушылар жинақталған азық-түлік қораптарын мекемеге жеткізді. Өз кезегінде орталық өкілдері көрсетілген көңіл үшін алғыстарын білдірді. «Өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелері құрдас-замандастарына видео-жолдау әзірлеп, адам баласы қаншалықты бір-біріне мейірбан, қамқор болса, ол да қоғамның ізгілене түсуіне қосқан үлесі, азаматтық борышының орындалуы екендігін атап өтті.
Жақсылық жасауға асығайық!
Жақсылық жасауға асығайық!