2022 жылдың желтоқсан айындағы Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі»
«№56 орта мектебі» коммуналдық мелекеттік мекемесі
080000,Тараз қаласы, Құмшағал алқабы, Ақсарай көшесі №12, тел:55-02-52, 56taraz@mail.kz
2022 жылдың желтоқсан айындағы
Қамқоршылық кеңес отырысының
хаттамасы
Өткізілген уақыты: 28 желтоқсан 2022 жыл
Қатысқандар:
Барлығы-15
Қатысқаны-10
Себептісі-5
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Джумадилова Д.Б.
Қамқоршылық кеңес хатшысы: Омарова Г.А.
Күн тәртібінде:
1. 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдық бойынша қорытындысы
2. І жартыжылдық бойынша оқушылардың және педагогтардың жетістігі
3. Мектеп оқушыларының тәрбие бағыты бойынша байқауларға қатысуы
4. Мектептің құрылыс және ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы
5. Әр түрлі мәселелер
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөзді мектеп директоры Н.Ә.Әбдіқалық бастады. Төмендегідей мазмұнда есебін ұсынды.
Тараз қаласы білім бөлімінің № 56 орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында 599 оқушы оқиды, оның ішінде 137 көп балалы отбасында 321 оқушы, 146 аз қамтылған отбасында 315, толық емес отбасы 56: тек әкесімен 2 оқушы, тек анасымен 54 бала тұрады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 269 оқушы ыстық тамақпен қамтылған, Шалғай елді мекендерден, саяжайлардан келетін 202 оқушы екі мектеп автобусымен тасымалданады. Биылғы оқу жылында қалалық полиция бөлімінің есебіне 2 оқушымыз тұр. Олар: Жақай Жасұлан 10-сынып оқушысы, Қалабай Аңсар 11-сынып оқушысы. Мектепке бөгде адамдардың келіп-кетуін, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 18 бейне бақылау камерасы орнатылған, тағы 10 камера Жамбыл облыстық полиция департаментінде орталық бақылау бөліміне қосылып жатыр.
Тараз қаласы № 2 полиция бөліміне профилактикалық есепке «Жайсыз отбасы» ретінде есепке алынған отбасылар жоқ. Мектепішілік есепте тұратын оқушылар саны 10. Бұл оқушылардың барлығы туған-туыстарының үйіне сенімхатпен қалдырылған оқушылар.
2022-2023 оқу жылының басында мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Мектепте құқықтық тәрбие мен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс құрылған. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес отырысының шешімімен мектепішілік есепке қою алгоритмі бойынша сенімхатпен туыстарының үйіне қалдырылған 10 оқушы мектепішілік есепке алынды. Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық, суицидтік әрекеттерді болдырмау және алдын-алу бағытында мектепте құқықтық ақпарат бұрыштары ұйымдастырылып, түрлі профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мектеп педпсихологтары оқушылар арасында әлімжеттік, бопсалау, күш көрсетудің алдын алу мақсатында үнемі сауалнамалар алып отырады.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде мобильдік топ жұмыс атқарады. Осы оқу жылында топтың жұмыс жоспары жасалған. Осы жоспарға сәйкес жұмыс үнемі жүргізіліп отырады. Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп инспекторы оқушылардың мектепке суық қару, жарылғыш заттар мен адам денсаулығына зиян келтіретін заттарды алып келмеуі мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіп отырады. Сонымен қатар мектеп оқушыларының кешкілік уақытта елді мекен көшелерінде бей-берекет жүруінің алдын кесу, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдері сенбі және мереке күндері рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Прокуратура өкілдері, полиция басқармасынан жауапты қызметкерлер, Жамбыл облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығының теолог мамандары үнемі мектеп оқушылары арасында «Кәмелеттік жасқа толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы», «Құқық бұзушылықтың түрлері», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың мектеп жасындағы оқушыларға ықпалы» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.
2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша үлгерім мен білім сапасының мониторингісі мен рейтингісінің қорытындысы туралы анықтама
№56 орта мектебі бойынша 1-11 сыныптарда 599 оқушы білім алады. ҚР БҒМ 2018 ж. 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес 1 сыныптар бағаланбайды. Осыған сәйкес 2-11 сыныптардағы білім алатын 550 оқушының оқу үлгерімі мен білім сапасына талдау жүргізілді.
Ағымдағы оқу жылының ІІ тоқсан қорытындысына сәйкес оқу үлгерімі – 100 пайызды(2021-2022 оқу жылы -100%),білім сапа -57 пайызды құрайды.(2021-2022 оқу жылы-52 %) Оның 72 оқушы (12,9%) үздік, 242 оқушы (44,3%) екпінді болды. Өткен оқу жылының ІІ тоқсанымен салыстырғанда 5 %-ға артқан.
Бастауыш, негізгі, жоғары сыныптардың көрсеткіші төмендегідей:
Сынып | Барлығы | Үздік оқушылар | 2022-2023 оқу жыл | 2022-2023 оқу жылы ІІ тоқсан | |||
Барлығы | % | АТЫ-ЖӨНІ | І тоқсан | Өсуі, кемуі | |||
2 А | 29 | 3 | 10,34 | Жұман З. | 72,41 | +10,3 | |
Маликайдар С. | |||||||
Сайлаубек А. | 62,1 | ||||||
2 Ә | 28 | 2 | 7,14 | Әбіш А. | 75 | +10,7 | |
Саясат А. | 64,3 | ||||||
2 Параллель | 57 | 5 | 8,74 | 63,16 | 73,68 | ||
3 А | 23 | 5 | 21,74 | Болат С. | 73,91 | 0 | |
Елтан Н. | |||||||
Есімбек Ш. | |||||||
Қасымбек М. | |||||||
Төлеубек Н. | 73,91 | ||||||
3 Ә | 20 | 4 | 20 | Берікханұлы Ә. | 65 | +5 | |
Марат А. | |||||||
Мысыралы Н. | |||||||
Оналбек І. | 60 | ||||||
3 Параллель | 43 | 9 | 20,87 | 67,44 | 69,77 | +2,33 | |
4 А | 20 | 3 | 15 | Жақсылық Ж. | 55 | +10 | |
Муқанбетжан Б. | |||||||
Ордабай А. | 45 | ||||||
4 Ә | 21 | 4 | 19,05 | Асқар А. | 71,43 | -1,3 | |
Ертай Н. | |||||||
Тәттібек А. | |||||||
Тоқтасын З. | 72,73 | ||||||
4 Б | 18 | 1 | 5,56 | Азимбек М. | 50 | 55,56 | +5,56 |
4 Параллель | 59 | 8 | 13,2 | 56,6 | 61,02 | ||
Бастауыш білім беру | 159 | 22 | 14,27 | 61,88 | 67,92 | +6,04 | |
5 В | 19 | 2 | 10,53 | Бақтыбек Ұ. | 57,89 | +10,8 | |
Қошқарбай С. | 47,06 | ||||||
5-А | 21 | 8 | 38,1 | Артықбай А. | 66,67 | +9,53 | |
Бахтияр А. | |||||||
Болат А. | |||||||
Боранқұл А. | 57,14 | ||||||
Исван Н. | |||||||
Өмірзақ М. | |||||||
Рапилбек А. | |||||||
Ынтықбай Н. | |||||||
5-Ә | 18 | 5 | 27,78 | Байдла А. | 66,67 | +11,11 | |
Давке А. | |||||||
Нұрмаханқызы І. | |||||||
Райымқұл А. | |||||||
Серік И. | 55,56 | ||||||
5-Б | 19 | 3 | 15,79 | Әбдікерім Б. | 63,16 | +23,16 | |
Жұмабек А. | |||||||
Қанатқызы А. | 40 | ||||||
5 Параллель | 77 | 18 | 23,05 | 50 | 63,64 | ||
6-А | 25 | 4 | 16 | Ақсанды І. | 64 | 00 | |
Ертай Н. | |||||||
Ертай Н. | |||||||
Құрманәлі А. | 64 | ||||||
6-Ә. | 27 | 3 | 11,11 | Әзімхан Б. | 62,96 | +3,7 | |
Әзімхан К. | |||||||
Сайлаубек Б. | 59,26 | ||||||
6 Параллель | 52 | 7 | 13,56 | 61,54 | 63,46 | ||
7-А | 25 | 5 | 20 | Ауғанбай Б. | 44 | +12 | |
Әбдімажит Ф. | |||||||
Есіркеп Б. | |||||||
Жолдаш Б. | |||||||
Сулеева І. | 32 | ||||||
7-Ә | 26 | 5 | 19,23 | Баймахан А. | 50 | +2 | |
Бахтияр Д. | |||||||
Құралбай Н. | |||||||
Мұхама А. | |||||||
Тұрсынбек Ұ. | 48 | ||||||
7 Параллель | 51 | 10 | 19,62 | 40 | 47,06 | ||
8-А | 24 | 0 | 0 | 47,83 | 50 | +2,17 | |
8-Ә | 24 | 2 | 8,33 | Ақсанди М. | 41,67 | +12,5 | |
Әшімжан А. | 29,17 | ||||||
8-Б | 22 | 3 | 13,64 | Аймен Т. | 40,91 | -1,95 | |
Нұрәліұлы Р. | |||||||
Саясат Д. | 42,86 | ||||||
8 Параллель | 70 | 5 | 7,32 | 39,71 | 44,29 | ||
9-А | 23 | 0 | 0 | 29,17 | 39,13 | +9,96 | |
9-Ә | 24 | 0 | 0 | 41,67 | 54,17 | +12,47 | |
9-Б | 24 | 2 | 8,33 | Мейрамбек А. | 50 | +10 | |
Мейрамбек А. | 40 | ||||||
9 Параллель | 71 | 2 | 2,78 | 36,99 | 47,89 | ||
Негізгі орта білім беру | 321 | 42 | 13,27 | 45,14 | 53,27 | +8,13 | |
10а | 18 | 2 | 11,11 | Ережеп А. | 50 | +11,11 | |
Сержан А. | 38,89 | ||||||
10ә | 20 | 2 | 10 | Әбдәлім С. | 40 | 0 | |
Әбдіманап Д. | 40 | ||||||
10 Параллель | 38 | 4 | 10,56 | 39,47 | 44,74 | ||
11 А | 15 | 0 | 0 | 50 | 46,67 | -3,33 | |
11 Ә | 17 | 4 | 23,53 | Азимхан Б. | 64,71 | +2,21 | |
Бөпетай Д. | |||||||
Нұрлан А. | |||||||
Оралбай Ұ. | 62,5 | ||||||
11 Параллель | 32 | 4 | 11,76 | 56,25 | 56,25 | ||
Жалпы орта білім беру | 70 | 8 | 11,16 | 47,14 | 50 | +2,9 | |
Мектеп | 550 | 72 | 12,9 | 50,27 | 57,09 | +6,8 |
Ең жоғары білім сапасы 2 «А»-72,4%,2 «Ә»-% ,3 «А»-73,9%,4 «Ә»-71,4 % сыныптарда.Ал, ең төменгі сапа – 8 «Ә»-41,7%, 8 «Б»-40,9%, 9 «А»-39,1%, 10 «Ә»-40% сыныптарда
Бастауыш сыныптарда: жекелеген пәндер бойынша 2022-2023 оқу жылының ІІ тоқсанындағы білім сапасын І тоқсанмен салыстырғанда төмендегідей:
- Математика пәні бойынша білім сапасы -1,2% төмендеген
- Жаратылыстану пәні бойынша білім сапасы +0,4% жоғарылаған.
- Қазақ тілі пәні бойынша білім сапасы +7,5% жоғарылаған.
- Әдебиеттік оқу пәні бойынша білім сапасы +6,6% жоғарылаған
- Орыс тілі пәні бойынша білім сапасы +3,6% жоғарылаған.
5-11 сыныптарда: жекелеген пәндер бойынша 2022-2023 оқу жылының ІІ тоқсанындағы білім сапасын І тоқсанмен салыстырғанда төмендегідей:
- Математика пәні: 5-6 сыныптарда білім сапасы +6,7% жоғарылаған
- Жаратылыстану: 5-6 сыныптарда білім сапасы +5,1
- Алгебра пәні:7-11 сыныптарда білім сапасы -+1,9 пайызға жоғарылаған
- Геометрия пәні: 7-11 сыныптарда білім сапасы +4,6% жоғарылаған.
- Физика пәні: 7-11 сыныптарда білім сапасы +5% жоғарылаған.
- Биология пәні: 7-11 сыныптарда білім сапасы +1,6% жоғарылаған.
- География пәні: 7-11 сыныптарда білім сапасы +2% жоғарылаған.
- Химия пәні: 7-11 сыныптарда білім сапасы +3,5 пайызға жоғарылаған.
- Қазақстан тарихы пәні: 5-11 сыныптарда білім сапасы +3,5 пайызға жоғарылаған.
- Қазақ тілі пәні : 5-11 сыныптарда білім сапасы +14,6 %
- Қазақ әдебиеті пәні: 5-11 сыныптарда білім сапасы +3,8%
- Орыс тілі пәні: 5-11 сыныптарда білім сапасы +4,3 пайызға жоғарылаған.
- Ағылшын тілі пәні бойынша жалпы 2-11 сыныптарда +5,4 пайызға жоғарылаған.
Қорыта келгенде, 8 «Ә» сыныптағы білім сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар нәтижесіз екені көрінді. Сондықтан, оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын арттыруға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру қажет.
2022-2023 оқу жылындағы І жартыжылдық бойынша
мектеп оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері
№ | Байқау түрі | Оқушы аты-жөні | Жүлде | Мұғалімнің аты-жөні |
1 | Қалалық «Балалар оқулары» байқауы | 7 сынып білім алушысы Жолдаш Бекболат | І орын | Әбділдаева Н. |
2 | Облыстық «Балалар оқулары» байқауына | 7 «А» сынып білім алушысы Жолдаш Бекболат | ІІ орын | Әбділдаева Н. |
3 | «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жылдық мерей тойына орай, қалалық мәнерлеп оқу байқауы | 8 «Ә» сынып білім алушысы Ақсанди Мөлдір | бас жүлде | Омарова Г. |
4 | «Ұлттың рухани көшбасшысы» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық «А.Байтұрсынұлы оқулары -2022» білім сайысының «Қырық мысал» атты мәнерлеп оқу байқауы | 9 «Б» сынып білім алушысы Мейрамбек Аяулым | ІІІ орын | Бесбаева Н. |
5 | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты қалалық көркем сөз өнер байқауы | 8 «Ә» сынып білім алушысы Ақсанди Мөлдір | І орын | Омарова Г. |
6 | Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты қалалық көркем сөз өнер байқауы | 10 «А» сынып білім алушысы Абсадыкова Райхан | ІІІ орын | Бесбаева Н. |
7 | Қалалық кезеңінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиада | 6 «А» сынып білім алушысы Ертай Нұрдина | ІІІ орын | Омарова Г. |
8 | «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үздік оқырман отбасы» қалалық байқау | 7 «Ә» сынып білім алушысы Баймахан Айсұлтан | І орын | Мектеп кітапханашысы Әбдібекова Г. |
9 | Республикалық «Ясауитану - 2022 » байқау | 11«Ә» сынып оқушысы Оралбай Ұлдана | ІІ орын | Баймуратова Ш. |
10 | Қалалық кезеңінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиада Облыстық кезеңінде | 6 «А» сынып оқушысы Құрманәлі Аружан | ІІ орын Мақтау қағазы | Қожабергенова А. |
11 | Қалалық кезеңінде 9-11 сыныптар арасында «Зерттеу жобасы» Облыстық кезеңінде | 9 сынып оқушысы Қанатбай Жанар | ІІІ орын Мақтау қағазы | Химия пәнінің мүғалімі, жетекші Жуматаева М. |
12 | Қалалық кезеңінде 2-7 сыныптар арасында «Зерттеу жобасы» | 4 «Ә» сынып оқушысы Асқар Амина 6 «А» сынып оқушысы Бектұрсын Айзере | Мақтау қағазы | Ертаева З. Абитаева Г. |
13 | Облыстық математика пән мұғалімдердің арасында өткен олимпиада | І орын | Аманбаев Т.К. | |
14 | Республикалық «Өрлеу Қазақстан» қоры «Мамандығым -мақтанышым!» эссе жазу байқауы | ІІ орын | Жетписбаева З. | |
15 | ТарМУ ұйымдастырған байқау | 9 - сынып оқушылары | І орын | Бвйжанова Б. |
2022-2023 оқу жылы І жарты жылдық бойынша №56 орта мектеп оқушыларының тәрбие жұмысы бойынша жетістіктері
№ | Сынып | Оқушының аты-жөні | Олимпиада,жарыс, байқау атауы | Байқау деңгейі (аудан, облыс, республика, халықаралық) | Жүлделі орын |
1. | 1 «А» | Марат Айсана | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | ІІ орын |
2. | 1 «А» | Ордабай Аруна | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | ІІорын |
3. | 1 «А» | Аубакир Қайрат | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | ІІорын |
4. | 1 «А» | Марат Айсұлтан | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | ІІорын |
5. | 1 «А» | Төлеубек Жансезім | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | ІІорын |
6. | 2 «А» | Әмзебек Темірхан Уасбекұлы | «Мақатаев оқулары» | Республикалық конкурсы | І орын |
7. | 2 «А» | Айдаралиева Альбина | «Мақатаев оқулары» | Республикалық конкурсы | І орын |
8. | 2 «А» | Болат Айша Рүстемқызы | «Мақатаев оқулары» | Республикалық конкурсы | І орын |
9. | 2 «Ә» | Саясат Айзере | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | 2 орын |
10. | 2 «Ә» | Темірланұлы Асылжан | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | 2орын |
11. | 3 «А» | Төлеубек Нұрсая | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | ІІ орын |
12. | 3 «А» | Елтан Нұрай | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | ІІ орын |
13. | 3 «А» | Қаржау Аружан | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | ІІ орын |
14. | 3 «А» | Лесбек Мансұр | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурсы | ІІІ орын |
15. | 4 «Ә» | Асқар Амина | Мақатаев оқулары | Республиқалық конкурс | ІІ орын |
16. | 4 «Ә» | Тәттібек Айша | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурс | І орын |
17. | 4 «Ә» | Нұрлан Нұрғиса | Мақатаев оқулары | Республикалық конкурс | ІІ орын |
18. | 5 «Ә» | Давке Алинур | Бояулар құпиясы | Республикалық | І дәрежелі диплом |
19. | 7 «А» | Жолдаш Бекболат | «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауы | Қалалық | І орын |
20. | 7 «А» | Жолдаш Бекболат | «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауы | Облыстық | ІІ орын |
21. | 7 «Ә» | Баймахан Айсұлтан | "Оқуға құштар мектеп жобасы аясында "Үздік оқырман отбасы" | қалалық | I дәрежелі диплом |
22. | 7 «Ә» | Батырхан Есімхан | Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған 2009-2010 ж.т жасөспірім ұлдар арасындағы аудандық ашық турнирде 42 келі салмақ | аудандық | 1 дәрежелі диплом |
23. | 7 «Ә» | Батырхан Есімхан | "Республика күні" мерекесіне орай спорттық іс-шаралар байқауы | қалалық | 1 орын |
24. | 7 «Ә» | Кутумов Бекарыс | Жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен байқау | қалалық | 2 орын |
25. | 8 «Ә» | Ақсанди Мөлдір | "Ұлтымыздың ұлы ұстазы" А.Байтурсыновқа -150жыл мәнерлеп оқу | қалалық | Бас жүлде |
26. | 8 «Ә» | Ақсанди Мөлдір | Тәуелсіздік деп соғады жүрегім | қалалық | 1 орын |
27. | 9 «Б» | Төленді Медина | "Атамұра"ғылыми -әдістемелік журналы "Бояулар құпиясы"шығармашылық байқау | Республикалық | 1 орын |
28. | 9 «Б» | Төленді Медина | Кикбоксингтен № 3 облыстық мамандырылыған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі лайт контакт бөлімінде | Облыстық | 2 орын |
29. | 9 «Б» | Төленді Медина | Кикбоксингтен жасөспірімдер 2006-2007 т.ж. арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында фулл- контакт бөлімінде | Республикалық | 2 орын |
30. | 9 «Б» | Төленді Медина | Кикбоксинг жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының чемпионатында | Облыстық | 1 орын |
31. | 9 «Б» | Мейрамбек Аяулым | "Ұлттың рухани көшбасшысы " тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген "А.Байтұрсынұлы оқулары 2022" білім сайсы | Қалалық | 3 орын |
32. | 9 «Б» | Мұратбек Мансур | Волейболдан"Қазақстан Республикасының " "Тәуелсіздік күніне"арналған "IQ VOLLEYBALL"волейбол мектебінің күзгі турнирі | Қалалық | 1 орын |
33. | 9 «Б» | Жолдыбай Рауан | Волейболдан"Қазақстан Республикасының " "Тәуелсіздік күніне"арналған "IQ VOLLEYBALL"волейбол мектебінің күзгі турнирі | Қалалық | 1 орын |
34. | 9 «Б» | Ашотов Досжан | Волейболдан"Қазақстан Республикасының " "Тәуелсіздік күніне"арналған "IQ VOLLEYBALL"волейбол мектебінің күзгі турнирі | Қалалық | 1 орын |
35. | 9 «Б» | Ахметов Даниял | Волейболдан"Қазақстан Республикасының " "Тәуелсіздік күніне"арналған "IQ VOLLEYBALL"волейбол мектебінің күзгі турнирі | Қалалық | 1 орын |
36. | 9 «Б» | Ахметов Даниял | Волейболдан"Қазақстан Республикасының " "Тәуелсіздік күніне"арналған "IQ VOLLEYBALL"волейбол мектебінің күзгі турнирінде "Үздік ойыншы" | Қалалық | |
37. | 10 «Ә» | Төребек Бегасыл | "Жас қыран"спорттық жарыс | Қалалық | 3 орын |
38. | 10 «Ә» | Батырхан Шыңғысхан | "Жас қыран"спорттық жарыс | Қалалық | 3 орын |
39. | 10 «Ә» | Джақай Алина | "Жас қыран"спорттық жарыс | Қалалық | 3 орын |
40. | 10 «Ә» | Айдарқызы Ақерке | "Жас қыран"спорттық жарыс | Қалалық | 3 орын |
2022-2023 оқу жылы өткізген жөндеу жұмыстары туралы мәлімет
2022 жылдың шілде айында «Разат» жауапкекершілігі шектеулі серіктестік шағын орталық ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізді. Соммасы 8706735 тенге. Осымен қатар шағын орталықтың аумағын абаттандыруға ағымдағы жөндеу жұмыстары өткізілді. «Астанаэнергомастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестік соммасы 2 751625 теңге.
Жазғы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 400000 (төрт жүз мың) теңге бөлінді. Осы бөлінген қаражатқа әк, бояу, щетка, валик, олиф, және т.б. заттар әкелді. Мектеп түгел әктеліп, сырланды.
Акт залы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының кабинетінің
дәліздері отқа төзімді материалға ауыстырылды. Құны 600 000 теңге болды.
Мектеп шатырының жаңғыш құрылымдарын өртке қарсы өнделді, соммасы
182000 ( бір жүз сексен екі мың) теңгені құрады.
Жылыту құбырларының қысымы тексеріліп, мекеменің қысқа дайындық паспорты жасалды.
Мектеп стадионына ағымдағы жұмыстар өткізілді . Өткізген мердігер компания «ASEL ALMATY»ЖШС, құны 5 824 000 теңге тұратын оқушылар дене шынықтыру сабағында ойнайтын алаңды жабдықтады.
Қаулы етті:
Аталған мәселелер бойынша қабылданған шешім:
Мектеп директорының 2022-2023 оқу жылында оқу-тәрбие жұмыстары бойынша қамқоршылық кеңес алдында берген есебі «қанағаттанарлық» деп есептелінсін.
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Джумадилова Д.Б.
Қамқоршылық кеңес хатшысы: Омарова Г.А.
Қамқоршылық кеңес мүшелері: Жаппаева А.Ж.
Сыздықбаев А.А.
Нарбекова Р.М
Сулейменов М.С
Аманжолова Г.А.
Сарыбасов Б.С
Мальгазарова Б.Қ
Аккулиев М.М.
Жүрсін Ғ.Ә