Бос тұрған лауазымға КОНКУРС (педагог-психолог) » СШ №56
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім баскармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№56 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесi
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 55-02-52
Есепші бөлімі:
+7(7262) 55-02-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос тұрған лауазымға КОНКУРС (педагог-психолог)
08
ноябрь
2024

Бос тұрған лауазымға КОНКУРС (педагог-психолог)

"ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №56 ОРТА МЕКТЕБІ"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі    бос  тұрған  лауазымға 

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ


Орналасқан жері: Тараз  қаласы, Құмшағал  шағын   ауданы, Ақсарай көшесі № 12  Пошталық  мекен –жайы: 080000 

Телефон  нөмері: 8 (7262)  55 -02- 52,   87073216983

Электрондық  пошта: 56taraz@mail.kzТараз  қаласы, Құмшағал  шағын   ауданы, Ақсарай көшесі № 12    

Бос тұрған  орын:  педагог-психолог (0,5 жүктеме)   


  1. Негізгі    функционалдық  міндеттері: 
  2. оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
  3. білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
  4. инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;
  5. буллингтің, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;
  6. білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
  7. әр түрлі бағыттағы және бағыттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді, оқыту, тұлғалық даму және мінез-құлық проблемаларын уақтылы анықтайды, психологиялық қорытынды жасайды;
  8. ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және оның негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ педагог-ассистенттің іске асыруы үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу бағдарламаларын әзірлейді;
  9. әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары нысанында психологиялық көмек көрсетеді;
  10. дарынды оқушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады;
  11. ата-аналарға, педагогтерге, мамандарға, нақты психологиялық мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
  12. педагогикалық ұжымға, сондай-ақ оқушылардың жеке және әлеуметтік даму проблемалары бойынша оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарына ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық талдауды жүзеге асырады;
  13. белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады; 
  14. кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасындағы балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
  15. баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
  16. балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  17. білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:


Еңбекке  ақы   төлеу  мөлшері  84000 теңге ,   бос тұрған лауазым   мектеп  педагог-психологы


            Біліктілік талаптары:


  • "Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
  •       және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша  жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
  •       және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.


118- тармақта  көрсетілген  құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)сертификаттаудан  өту   нәтижелері   туралы  сертификат   немесе  педагогмодератордан  төмен   емес  қолданыстағы  біліктілік   санатының  болуы  туралы   куәлік (бар болса);

10)   11- қосымшаға  сәйкес  нысан   бойынша  педагогтің    бос тұрған лауазымына   кандидаттың   толтырылған  бағалау  парағы;

11) Тәжірибе   жоқ  кандидаттың  бейнепрезентациясы  кемінде 15 минут, ең  төменгі   ажыратымдылығы  - 720х480 

Кандидат   болған  жағдайда  қосымша   құжаттар  ұсына  алады (біліктілігін  арттыру, ғылыми – әдістемелік  жарияланымдар, алдыңғы  жұмыс   орынан  ұсыным) 


Бос  орынды   жариялау  мерзімі: 08.11.2024 жыл

Конкурсқа  құжаттар   қабылдау:11.11-19.11. 2024 жыл  ( 7 жұмыс күні),       

                                                             20.11-26.11.2024 жыл  құжаттарды  қарау   5 күн


Конкурс   өтетін    мерзімі:   26.11.2024 жыл    сағат 15.00



            

            


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив