24
декабрь
2024
Ата - аналардың назарына!
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
Құрметті ата-аналар санаулы күндерден кейін жаңа 2025 жылға аяқ басамыз. Бұл мерекені, әсіресе, балалар асыға күтеді. Осы орайда, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің №56 орта мектебі кмм-нің әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы жаңа жылдық мерекелік іс-шараны өткізу кезінде, төмендегі жағдайларды ескертеді:
1. Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жаңа жылдық мерекелік іс-шараны өткізу кезінде аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады.
2. Педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп басшылары мен педагогтерге кез келген түрдегі сыйлықтар беру үшін, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынады.
3. Ақша жинау немесе басқа заттар талап етілген жағдайда мектепте орналасқан сенім жәшігіне және сенім телефоны арқылы мектеп басшысына хабар беруге болады.
4. АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ШАҚЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Аниматорлар, мерекелік агенттіктерді ақылы негізде
шақыруға рұқсат жоқ.
5. ПИРОТЕХНИКА ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ:
Пиротехникалық құралдар балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді.
6. ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУҒА БОЛМАЙДЫ:
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау үлкен қауіпке
әкелуі мүмкін.
7. МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ МЕРЕКЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Кафе, мейрамханалар немесе ойын-сауық орталықтарында жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге рұқсат жоқ.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!!!
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға алуларыңызды өтінеміз.
Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы - міндет және ұстаз үшін оқушылардың оқу барысында жақсы нәтиже көрсетіп, жетістікке жетуінің өзі - үлкен СЫЙЛЫҚ!
Құрметпен мектеп директоры Әбдіқалық Нұрбол Әбубәкірұлы