18
август
2023
«Бүгінгі оқырман – ертеңгі көшбасшы»
03.02.2023 жылы Тараз қаласының № 56 орта мектебінде кітапханашы Г.Абдибекованың ұйымдастыруымен «Бүгінгі оқырман – ертеңгі көшбасшы» тақырыбында Bookdating өтті. Іс – шараның мақсаты : «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру барысында кітап сүйгіш оқырмандарды көбейту. Мектебімізге «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік даму орталығының директоры Мырза-Ғали Эльмира Иниятқызы шақырылды.
Кеш барысында 8 – 10 сынып оқушылары өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, сұхбат құрды. Эльмира Иниятқызы оқырман сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, оқыған кітаптары жайлы айта отырып, сүбелі сөз құдіретімен олардың ой жиегін,рухани жан-дүниесін байыта отырып, рух беріп, жігерлендірді. Өмірдегі жинаған тәжірбиесіне сүйеніп, өмірге деген көзқарасын айта отырып, емен-жарқын сұхбат берді.
Шара соңында мектеп директоры Н.Әбдіқалық мазмұнды әрі әсерлі сұхбат үшін, Эльмира Иниятқызына алғыс білдірді.